USD
USD
USD

СҚО аумағында су деңгейі көтеріліп жатыр

15 сәуірден СҚО аумағында су деңгейі қайтадан көтеріліп жатыр, деп хабарлады ҚазАқпарат

сук
Фото: Kazinform

 

Астана, NEGE. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы Серік Ғайсин айтты.

«Облыста су тасқынының бірінші толқынының негізгі кезеңі өтті. Бөгеттен асып кетудің максималды деңгейі 425 см болды. Соның салдарынан 3 419 үйді су басты. Әлі де 3 223 үйді су басып тұр, 196 үйдегі қауіп сейілді. 14 388 адам эвакуацияланды, 764 адам үйлеріне оралды. Қазір су басқан аумақтың тұрғындары уақытша тұрғылықты жерге көшіріліп жатыр», - деді С. Ғайсин Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.

Оның айтуынша, Ақмола облысынан келген суға байланысты 15 сәуірден СҚО аумағында су деңгейі қайтадан көтеріліп жатыр. 21-22 сәуірде өңірдегі су деңгейі жоғары шегіне жетуі мүмкін.

«Келтірілген материалдық шығынды өтеуге қатысты тұрғындардан өтініш қабылданып жатыр. Қазір 1 717 отбасы 100 АЕК көлемінде жалпы сомасы 634 млн теңгені құрайтын біржолғы жәрдемақы алды. Облысқа 576 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді», - деді азаматтық қорғау бөлімінің басшысы.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Абай Түрікпенбаев

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Ардагерлер

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Сот балғасы

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр

Нұрай Серікбай