USD
USD
USD

Жемқорлыққа қарсы ойын ойлап тапқан оқушы 1 млн теңге ұтып алды

Бородулиха ауданы Жезкент кентінің мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Нұрали Амангелдіев оқушыларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ой қалыптастыратын «Сатылмайтын Алпамыс» компьютерлік ойнын әзірледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жемқорлыққа қарсы ойын ойлап тапқан оқушы 1 млн теңге ұтып алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Абай облысы әкімдігінің мәліметінше, оқушы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа құралдар» бағыты бойынша үздік жоба үшін 1 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталған.

Жобаның басты идеясы – білім алушылардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдыларын, күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру.

Оқушының айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойын Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың нақты жағдайлары негізінде көркем роман форматында әзірленген, бұл ойыншыға сыбайлас жемқорлықтың салдарын тереңірек түсінуге көмектеседі. Әр эпизодтың соңында ойыншыға Қылмыстық кодекске түсініктеме беріледі.

Ойынның соңғы миссиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама саласындағы білімдерін кеңейту. Ойынның соңында көп ұпай жинаған ойыншы жеңімпаз атанады.

Айта кетейік, Нурали өз жұмысын сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалардың І республикалық байқауына ұсынған.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық