USD
USD
USD

Жанармай тапшылығы бола ма? 

Күзде елімізде жанармай қымбаттап, дизель отынының тапшылығы болуы мүмкін.

Жанармай тапшылығы бола ма? 
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Отандық сарапшылар осындай болжам жасады, депхабарлайды Хабар 24. Жанармай нарығындағы жағдай Павлодар мұнай химия зауытының уақытша жабылуымен байланысты. Кәсіпорын жұмысы нақты қашан тоқтайтыны әзірге белгісіз. Айта кетерлігі, бұл мәселе сарапшылардың сынына ілікті. Өйткені отандық үш ірі мұнай өңдеу зауыты 2018 жылы модернизациялаудан өткен. Оған екі триллион теңгеден астам ақша жұмсалды. Модернизациялау негізіне еуропалық стандарттар алынып, бұл зауыттардың жыл жайынғы жөндеу мерзімін қысқартады деп жоспарланған еді. Алайда іс жүзінде олай болмай шықты. Қазақстан мұнай-сервис компаниялары одағының төралқа төрағасы Рашид Жақсылықовтың айтуынша. Еуропада зауыттар үш жылда бір толық жөндеуге тоқтайды. Ал бізде олар жыл сайын уақытша жабылады. Мұнай өңдеу зауыттарының жұмысы күзгі науқан кезінде тоқтауы делдалдардың аранын ашып, бағаның шарықтауына әкеледі.

Қазақстан мұнай-сервис компаниялары одағының төралқа төрағасы Рашид Жақсылықов: "Жан жағымыздағы Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей мемлекеттерінде соляркіге баға көтеріліп кетті. Бізге қарағанда 100 теңгеге жоғары. Алып сату механизмі бұл жерді міндетті түрде жұмыс істейтіні рас қой. Және біздің де ішімізде осы өнімді сататын компаниялардың арасында әділетсіз жұмыс істеп жатқан компаниялардың барлығын көрсетіп отыр. Олар қоймаларын толтырып, бағалардың көтерілгенін күтіп отыр. Қолдан нарықта өнімін азайтып отыр. Бұндай жағдай жалғаса берсе міндетті түрде көтеріледі", – деді. 

Айта кетейік, өткен жазда Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарының жұмысының көлеңкелі тұстары бар екенін айтқан. Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы мониторингі агенттігі мен Есеп комитетіне осы мәселе бойынша қыркүйектің бірінші онкүндігінде есеп беруді тапсырды. Ал күзге жоспарланған Павлодар мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстарының қашан басталатыны алдағы жағдайға ықпал ететіні анық. «Мұнай өңдеу зауыттары әр тоқтаған сайын нарыққа әсерін етеді. Ол тоқтаған кезде өнген өнім азаяды, сұраныс көбейеді. Баға шарықтайды. Ал Палодар мұнай химия зауыты уақытша жабылмаса, жанармай құны сол деңгейде қалады» деп түйді Рашид Жақсылықов. Айта кетейік, елімізде жазғы дизель отыны бір айда 1,3%-ке, ал бір жылда 8%-ке қымбаттап, литрі 198 теңгеге дейін өсті. Ең қымбат дизель отыны қазір Қостанайда – литрі 215 теңге, ең арзаны Семей мен Таразда – литрі 195 теңге.

Қазір оқып жатыр

Оралда полицей қызметтік міндетін атқару кезінде қыз зорлады деген күдікке ілінді

Маңғыстау

Қазақстаннан шыққан жас актриса Голливудты бағындыруда

Аяжан

115 мың қазақстандық Тоқаевтан жануарларды эвтаназиялау туралы заңға вето қоюды сұрады

Ит

Алматыда аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 10 адам ұсталды

Қылмыстық топ