27 Тамыз 12:00

Жамбыл облысындағы жарылыстан тағы бір әскери қызметкердің қаза тапқаны белгілі болды

Фото:

Жамбыл облысындағы әскери бөлімдегі жарылыстардың салдарынан тағы бір әскери қызметшінің қаза тапқаны белгілі болды.

Алматы, NEGE. «Жамбыл облысында өрт шыққан әскери бөлімде тағы бір әскери қызметшінің қаза тапқаны белгілі болды. Өрт сөндіру командасының бастығы, келісімшарт қызметінің старшинасы 1992 жылы дүниеге келген Нәдірбеков Еркін Ерікбайұлы инженерлік оқ-дәрілер қоймасындағы өртті сөндіру жұмыстарына тікелей жетекшілік жасаған. Жарылыстан кейін оқиға орнында қаза тапқан. Ол 27 тамыз күні қайда екені туралы мәлімет жоқ әсери қызметшілердің қатарында болған», - делінген Қорғаныс министрлігі таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар ведомство қаза тапқан әскери қызметшінің отбасына және жақын туыстарына көңіл айтады.

«Қорғаныс ведомствосының басшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына зор күйзеліспен көңіл айтады және бірге аза тұтады. Қорғаныс министрлігі оның отбасына қажетті көмек көрсетеді», - деді министрліктен.

Тегтер: