USD
USD
USD

Декларацияны 15 қыркүйекке дейін тапсырмағандарға айыппұл салынады

Биыл 2 млн 400 мың адам активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсыруға міндетті. 

Салық
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Салық міндеттемесінің уақтылы орындалмауын болдырмау үшін қазірден қамданған жөн.

Биыл 2 млн 400 мың адам активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсыруға міндетті. Оның 236 мыңы – Астана қаласының тұрғындары.

Қазір елордалық кәсіпкерлердің 30 пайызы, яғни 70 мыңнан астамы кірістер комитетіне табысы туралы ақпарат берген.

Айта кетсек, декларация тапсыру мерзімі 15 қыркүйекте аяқталады. Жауаптылар салық міндеттемесінің уақтылы орындалмауын болдырмау үшін қазірден қамданған жөн дейді.

15 қыркүйекте тапсырмаған жағдайда, 15 АЕК айыппұл салынады. Айыппұлдың біріншісі ескерту болады. Екіншісі – әкімшілік айыппұл. Салық басқармалары мүліктерін жасырып қалған кісілерге де 15 қыркүйектен кейін тексеріс бастайды. Оларға да айыппұл салынады, – деді Астана қаласы Байқоңыр ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Тоқтар Қойжанов.

Қазір оқып жатыр

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank