13 Мамыр 19:08

Эверестке екі рет шыққан гид рекорд орнатты

Фото:

Непалдық тауда жол көрсетуші маман Мингма Тенджи Шерпа 86 сағаттың ішінде дүние жүзіндегі ең биік шың Эверестке (8 849 м) екі рет көтеріліп, әлемдік рекорд орнатты.

Алматы, NEGE. Бірінші рет жол көрсетуші 7 мамырда экспедициялық топпен бірге көтерілген, одан кейін екінші рет шыңға 11 мамырда қайта шыққан.

Эверестке ең тез бірізді шығу бойынша әлемдік рекордты үнділік альпинист Аншу Джамсенпе орнатқан.

2017 жылы ол Эверестке екі рет 118 сағат 15 минут ішінде шықты.

2019 жылдың қазанында непалдық альпинист Нирмал Пурджа әлемдегі барлық сегіз мыңнан асатын 14 шыңды бағындырып, теңдессіз әлемдік рекорд орнатқан.

Оның ерлігі альпинизм тарихындағы ең үлкен жетістік деп танылды.

Тегтер: