Ауғанстанда жойқын жарылыстан екі тілші қаза тапты

31 мамыр, 13:26
Ауғанстанда жойқын жарылыстан екі тілші қаза тапты
Фото: 24.kz

   Ауғанстан астанасы Кабулдегі жойқын жарылыстан Khurshid TV арнасының екі тілшісі қаза тапты. Жарылғыш зат марқұмдар отырған автобусқа орнатылған.  

Алматы, NEGE. Khurshid TV басшысы Мохамед Рафи Рафик: "Өкініштісі, лаңкестік әрекеттің нәтижесінде арнамыздың экономикалық шолушысы Мир Вахед Шах пен техникалық бөлімнің қызметкері Шафик Амири қаза тапты. Сонымен қатар тағы 6 тілшіміз түрлы жарақат алған" деді.

Оқиғаға қатысты жауапкершілікті аймақтағы ешбір террорлық ұйым өз мойнына алған жоқ. Елдегі атышулы Талибан мен өзге де лаңкестік топтар аймақтағы БАҚ өкілдерін жиі нысанаға алады. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, 2018 жылы 15 тілші көз жұмса, өткен жылы Khurshid TV арнасының 2 қызметкері қайтыс болды.