USD
USD
USD

Құлсары қаласын санитарлық тазарту басталды

Жылыой ауданының Құлсары қаласында қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда: соңғы тәулікте 55 үй газға, 25 үй электр қуатына қосылды.

Су таасқыны
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Бүгінгі таңда 2564 үйден су кетті, сорылған судың жалпы көлемі 3 млн текше метрден асады.

«Залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия 2716 өтініш қабылдап, 600-ден астам үйге техникалық тексеру жүргізді. Сондай-ақ Құлсарының 3600 тұрғыны 100 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық төлем алды. Ол үшін жергілікті бюджеттен 1,3 млрд теңге бөлінді. Су кеткен аумақта дезинфекциялық жұмыстар, сондай-ақ қаланы санитарлық тазарту жұмыстары басталды. Соңғы тәулікте 975 тонна қоқыс шығарылды», - деді Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Махамбет және Индер аудандарында Жайық өзенінің жағалауын нығайту жұмыстары 100% аяқталды, Атырау қаласында жалғасуда.

Қазір оқып жатыр

Автошеру мен жалған келісімшарттар: Санжар Боқаевқа қандай айып тағылған?

бокаев

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев

Mercedes-Benz көлігі, жан басына шаққандағы табысы 356 мың болатын отбасыға жәрдемақы берілмейді

Әлеуметтік төлемдер тақырыбындағы брифинг

Астанада телефонға елеңдеп, адам қағып кеткен автобус жүргізушісі 2 жылға сотталды

Автобус жүргізушісі