Аспаннан ұшақ «жауған» жыл

28 желтоқсан, 11:42
Аспаннан ұшақ «жауған» жыл
Фото: life.ru

Күні кеше Алматыда құлаған Fokker 100 ұшағы әуе фобиясын арттырғаны сөзсіз. Әлем ғалымдары ең қауіпсіз әуе жолы деп талай дабыл қақты. Іргеңде болған апатты көргенде қауіпсіз деп қалай айтасың?

Алматы, NEGE. Осы жылы әуе көлігінің апаты аз болған жоқ. Наурыз айында Эвиопияда болған оқиға жантүршіктірерлік. Boeing 737 MAX бортындағы 149 жолаушы мен 8 экипаж мүшесі бірдей қаза тапты. Көкке көтерілген ұшақ 6 минуттан кейін жерге құлады.

31 наурыз күні Epic-LT жеке ұшағы құлаған. Бортта S7 Airlines  әуекомпаниясы басшысының бірі Наталия Валерьевна Филёва болды.

Сәуірдің 14 күні Непал аэропортынан Катмандқа бет алған Summit Air компаниясының Let-410 ұшағы әріптесі Manang Air тікұшағымен соғысып қалды. 3 адам қаза тауып, төртеуі жараланды.

27 сәуірде тағы бір жеке ұшақ апаты болды. Екі адамдық ұшақ бортында Таяу Шығыстағы авиаспорт федерациясының президенті Владимир Левшин мен Сергей Ланкин отырған.

Мамырдың бесі күні Аэрофлот әуекомпаниясының Sukhoi Superjet 100 ұшағы төтенше жағдайда қонды. Онымен қоймай техника өртке оранды. Борттағы 78 адамның 41-і қаза болды.

Өткен айдың 24 күні BusyBee Congo авиакомпаниясының Гома-Бени бағытындағы Dornier Do 228 ұшағы қайғылы оқиға тудырды. Қозғалтқыштан шыққан өрттің кесірі 29 жолаушының өмірін жалмады.