USD
USD
USD

Михаил Ломтадзе әлемдік деңгейдегі балалар футбол академиясын құрады

Ағылшын футбол Лигасының келісімін алғаннан кейін Михаил Ломтадзе «Уиком Уондерерс» (Wycombe Wanderers) ағылшын футбол клубының директорлар кеңесінің мүшесі әрі серіктесі болды, оның негізінде 3 жылдың ішінде Қазақстан мен Англияда филиалдары бар әлемдік деңгейдегі футбол академиясы құрылады.

Kaspi.kz
Фото: Kaspi.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандағы инвестициялардың жалпы мөлшері 10 миллиард теңгеден асып жығылады.

«Қазақстан мен Англияда әлемдік деңгейдегі кәсіби балалар футбол академиясын құру менің жеке үлкен арманым еді, онда ең үздік әрі талантты жас футболшылар мен болашақ жұлдыздар тәрбиеленеді. Академияда оқу толығымен тегін болады, жас спортшылар еліміздегі және футболдың отаны – Англиядағы ең үздік жаттықтырушылардан оқып-үйренуге мүмкіндік алады.

Футбол – бұл спорттық шеберлікті шыңдауға зор әлеуеті бар бұқаралық ойын-сауық спорт түрі және көптеген елдерде зор мақтаныш көзі. Біздің футболды заманауи технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдана отырып, инновациялық бизнес құрудағы менің тәжірибемді пайдаланып, жаңа деңгейге көтеруге болатынына сенімдімін. Біз қазақстандық футбол үшін әлемдік деңгейдегі жұлдыздарды тәрбиелей аламыз деп үміттенемін.

Кез келген футбол академиясы оқушыларының арманы – футбол клубының негізгі құрамында ойнау. Сондықтан футбол клубы жоқ академияның табысқа жетуге мүмкіндігі де жоқ. Қарапайым тілмен айтқанда, сіз академияда жаттығып, икем-дағдыларыңызды жетілдіресіз, ал клубтың негізгі құрамында ойнауға мүмкіндік жоқ. Мен оны өзгертуді жоспарлап отырмын, өйткені клуб түлектерімізге мүмкіндік беруді көздейді, олар үшін үлкен футболға жол ашатын орын болмақ», - деп түсіндіріп өтті Михаил Ломтадзе.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

DIFS

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

ұрлық

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Ақша

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті

Қыздар