Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Астаналықтарды көлік бөлшектерін арзан бағада сатамын деп алдаған алаяқ ұсталды

Интернет-алаяқ астаналықтарды көлік бөлшектерін арзан бағада сатамын деп алдаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Қостанай қаласының 34 жастағы тұрғыны мобильді қосымша арқылы азаматтарды алдап кеткен.

Бұл сайтта бір әйел автокөлік бөлшектерін сату туралы хабарландырулар жариялаған. Онда көрсетілген бағалар нарықтағы бағадан әлдеқайда төмен болған.

Күдікті әлеуетті сатып алушылармен хат алмасуды жүргізіп, тауарға алдын ала төлем жасауды ұсынған. Төлемнің бағасы 20-150 мың теңге аралығында болған.

Бейтаныс бикешке сенген азаматтар ақшасын оның бірнеше банктік шотына аударып отырғаны белгілі болған. Елордалық полицейлер жедел-іздестіру шаралары барысында Қостанай қаласында бірқатар алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады.

Тергеушілер тұрғылықты жерінен ноутбук, жеті телефон мен сим-карта тәркіледі. Бүгінге дейін полицияға алданып қалған 4 азамат хабарласқан, бірақ зардап шеккендер саны 30-ға жуық болуы мүмкін.

Әйелдің бұрын да осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, күдікті полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық