2 Қазан 13:06

Ұлттық ғылым академиясы «1st business and science event» форумын өткізді

Фото:

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы «1st business and science event» форумын өткізді. Ғылым мен бизнесті байланыстыратын ауқымды шара елде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.

Алматы, NEGE. Ғалымдардың үздік ғылыми жобаларын бизнес өкілдеріне көрсетіп, оны өндіріске айналдыру мақсатын көздеген шара отандық ғылымға айтарлықтай серпін бермек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың өндірістік секторларындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының көлемін ұлғайту үшін бизнес ғылыми қауымдастықпен ынтымақтаса іс жүргізу керегін айтқан-ды. «1st business and science event» форумының мақсаты ғылым – өндіріс – бизнес арасындаға байланысты нығайту. Шара аясында беделді бизнесмендер мен ғалымдар тәжірибе алмасып, әр түрлі тақырыпта шеберлік дәрістер өтті. Сондай-ақ, ынтымақтастық туралы келісімдерге келді. Атап айтсақ, ҚР Президентінің жанындағы ҚР ҰҒА және Физика-техникалық институты «Майами solar» және «Tau nano group» ЖШС-мен үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Алдағы уақытта ғылымды коммерциализациялау ісі жүзеге аспақ.

«Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев академияның алдына және отандыө ғылымға үлкен және маңызды міндеттер қойды. Экономиканы дамытуды бетке ала отырып, қоғамға, халыққа бет бұру және олар үшін нақты пайда беруіміз қажет. Бізге ғылымды дамытуға қызығушылық танытатын бизнес-қауымдастықтар қажет. Ал, ғылым проблемаларды ғылыми, инновациялық, технологиялық жолмен шешуді бизнеске ұсынуға тырысуы керек. Бұл екі жақты қозғалысты бірдей ұйымдастыру өте маңызды» деді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР ҰҒА президенті Күнсұлу Закария.

Іс-шараға бизнесмен Мұхтар Жәкішев, Alageum Electric Директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясов, "Sergek", "Freedom Telecom Holding" CEO негізін қалаушы Қайрат Ахметов, "Қөркем ТЕЛЕКОМ" директоры Әсет Ахметов, Astana Vision клиникалар желісінің негізін қалаушы және құрылтайшысы Владимир Ким сынды 300-ге жуық ғалым мен кәсіпкер қатысты.

Форум барысында ғалымдардың коммерциализацияға дайын тәжірибелік үлгілерін қамтитын ғылыми-инновациялық көрме өтті.

Тегтер: