10 Қазан 13:26

Жәнібек Әлімханұлы жеңіске жетті

Фото:

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) кәсіпқой рингтегі тоғызыншы кездесуін өткізді.

Алматы, NEGE. Бокс кеші АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегаста өтті. Қазақ стилін әлемдік аренада танытып жүрген Әлімханұлы осы кеште де көп назарын аудартты.

27 жастағы қазақ боксшысының қарсыласы да осал болмады. 23 жасқа жаңа толған аргентиналық Гонсало Кория (16-3, 6 КО) жас та болса тәжірибелі. Десе де 9 раундқа жоспарланған кездесуді отандасымыз екінші раундта нокаудпен аяқтады.

Осылайша,  Жәнібек Әлімханұлы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді. 

Тегтер: