14 Маусым 10:54

UFC: Мария Агапова жеңіске жетті

Фото:

UFC алаңында алғаш рет қазақстандық спортшы қыз өнер көрсетті. Мария Агапова UFC on ESPN 10 турнирінде жеңіске жетті

Алматы, NEGEОл бүгін таңертең Американың Лас-Вегас қаласында көрерменсіз өткен UFC on ESPN 10 турнирінде америкалық Ханна Сайферспен жекпе-жек өткізді.

Бұл айқас Мария Агапованың жеңісімен аяқталды. 23 жастағы қазақстандық спортшы үш минуттың ішінде қарсыласынан басым түсті.

Осылайша бұл оның спорт жолындағы тоғызыншы және UFC алаңындағы бірінші жеңісі болды. Ал Сайферс осымен алтыншы рет жеңіліске ұшыраған.

Тегтер: