12 Мамыр 13:53

Токио Олимпиадасына қатысатын спортшылардың стипендиясы сақталады

Фото:

Токиода өтетін Олимпида ойындарына қатысатын спортшылардың стипендиясы келесі жылға дейін сақталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Қаржылай қолдауды еліміздің 24 спортшысы алады. Төрт жылдықтың басты додасына қатысуы мүмкін азаматтар екі жыл бұрын іріктеліп, олардың жарысқа алаңсыз дайындалуы үшін стипендия тағайындалған еді. Токиодағы жазғы олимпиаданың уақыты келер жылға шегерілгендіктен, стипендия да бір жыл бойы берілетін болды.

ҚР ҰОК ресми өкілі Жігер Әзберген: "Олимпиадаға дейін жүргізілген бағдарламалар да әрі қарай жалғасын таппақ. Яғни «Олимпиадалық ынтымақтастық» бағдарламасы бойынша олимпиадаға қатысуы мүмкін спортшыларға екі жыл бойы арнайы шәкіртақы, яғни стипендия беріліп келген. Енді олимпиада бір жылға ұзарғаннан кейін, бұл степендия да бір жыл бойы осы спортшыларға берілмек. Бұл – толықтай ХОК тарапынан жүргізілетін қаржыландыру" деді.

Тегтер: