15 Ақпан 10:15

Пеле: шүкір, жақсымын

Фото:

Аты аңызға айналған бразилиялық футболшы ұлының телеарнаға берген сұхбатынан кейін алғаш рет денсаулығы туралы айтты. «Шүкір, денсаулығым жақсы, бұл менің жасым үшін қалыпты жағдай», деді футбол жұлдызы.

Алматы, NEGE.10 ақпан күні футболшының ұлы Эдсон Шолби Наскименту Бразилия телеарнасына сұхбат беріп, әкесінің жағдайы қиындау екенін айтқан еді.

«Жамбас буындары ауырады. Жасалған ота жағдайын оңалтпады. Сондықтан көбінесе қоларбамен жүреді. Бұл оған өте ауыр. Тіпті ел көзіне түскісі келмейді. Ойлап көріңізші, кеше желдей ескен футбол жұлдызы бүгін өз аяғымен қозғала алмайды. Осы жағдай әкемнің жүйкесіне де әсер етті» деген болатын Эдсон Шолби Наскименту.

Алайда, әлем ең үздік футболшы деп таныған Пеленің өзі: «Шүкір, жақсымын. Бұл менің жасым үшін қалыпты жағдай. Бірақ мен денсаулығымды бұдан да жақсарта аламын. Бұл менің қолымнан келеді» деген. Бұл туралы хабар таратқан BBC арнасының айтуынша, ол келесі жылы 80-ге толады.  

Пеле соққан голдарының саны бойынша әлемдік рекордқа ие: өз мансабындағы 21 жыл ішінде (1363 ойында) 1281 гол соққан. Оның ішінде 77 голды (91 ойында) Бразилия құрамасының шабуылшысы ретінде соқты.

2015 жылы оның қуықасты безіне ота жасалған. 2019 жылы зәр шығару жолдарының сырқатымен ауруханаға түсті. Аяқдоп шебері ұзақ жылдан бері бір бүйрегімен өмір сүріп келеді.  

Тегтер: