6 Қараша 19:01

Марадонаның жағдайы қалай болды?

Фото:

1986 жылғы футболдан әлем чемпионы Диего Марадона отадан кейін ауруханада бірнеше күн жататыны белгілі болды.

Алматы, NEGE. Дүйсенбі 60 жастағы Марадона Ла-Платадағы (Аргентина) ауруханалардың біріне денсаулығын тексеру үшін жеткізілді. Кейін Марадонаға субдуралдық қанды ісік бар деген диагнозбен ота жасалғаны хабарланды. Сәрсенбіде экс-футболшының жеке дәрігері Леопольдо Луке отадан кейін ешқандай асқыну болмағанын айтты.

Лукенің айтуынша, дәрігерлер Марадонаға кері тарту синдромын (ағзаның дәріні қабылдамауы) қойған және ол енді тағы бірнеше күн емделеді. Дәрігер мұндай симптомдардың немен байланысты екенін айтпады, бірақ Марадона бұған дейін алкоголь мен есірткіге тәуелді болған. Ол бұл диагнозымен келіскен және ауруханада қалады.

«Диегоның жағдайы жақсы. Компьютерлік томография сәтті өтті. Біз тіпті биледік», – деді Луке. 

Тегтер: