13 Қаңтар 11:28

Конор Макгрегор неше млн доллар алады?

Фото:

ММА аралас жекпе-жегі бойынша 19 қаңтарда өнер көрсететін ирландтық спортшы Конор Макгрегордың алатын ақшасы белгілі болды.

Алматы, NEGE. UFC 246 турнирінде америкалық Дональд Серронемен кездесетін Макгрегор бес млн долларға жуық сыйақы алады, ал, оның қарсыласының гонорары – екі млн доллар. Essentially Sports комитетінің айтуынша, Серроне үшін бұл өзінің спорттық карьерасында тапқан ең жоғары табыс болмақ. Ирландтық спортшы бұл жолы өзінің соңғы кездесуіне қарағанда екі млн доллар көбірек тапқалы отыр.

Макгрегор соңғы рет жекпе-жек алаңына 2018 жылы ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедовке қарсы шығып, жеңіліп қалған.

Тегтер: