10 Қараша 10:48

ҚФФ допингпен ұсталған Исламханға қатысты мәлімдеме жасады

Фото:

Ұлттық құраманың бірнеше ойыншысы алдағы матчтарға қатыса алмайды, деп жазды Prosports.kz сайты ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы, NEGE. Жарақаттарына байланысты жартылай қорғаушылар Бақтияр Зайнутдинов, Серікжан Мужиков, Думан Нәрзілдаев, сонымен қатар орталық қорғаушы Сергей Малый ұлттық құраманың қатарына келе алмады. Денсаулықтарына байланысты алдағы ойындарға қорғаушы Темірлан Ерланов пен жартылай қорғаушы Асхат Тағыберген қатыспауы мүмкін. Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан да көмекке келе алмайды. Азия Чемпиондар Лигасының ойынынан кейін футболшының тапсырған допинг-сынағында тыйым салынған препарат табылған.

Ол ресми ойындарға уақытша қатыспайды. Беларусьтық «Рух» командасының жартылай қорғаушысы Владислав Васильев те ойнамайды. Футболшының коронавирусқа тапсырған сынағы оң нәтиже көрсеткен. Қосалқы тізімнен орталық алаңда ойнайтын жартылай қорғаушылар Аслан Дарабаев пен Юрий Перцух, сонымен қатар шабуылшы Тоқтар Жаңғылышбай шақырылды.

Тегтер: