2 Қыркүйек 15:05

Қазақстандық боксшылар Қазан қаласында жекпе-жек өткізеді

Фото:

27 қыркүйекте Қазан қаласында (Ресей) кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Алматы, NEGE. Аталған кеште бірнеше қазақстандық боксшы өнер көрсетеді. ⠀

Жартылай орта салмақта бақ сынайтын 28 жастағы Бобиржан Моминов (11-0, 8КО) 34 жастағы ресейлік Вагинак Тамразянмен (17-7, 5КО) жұдырықтасады. Кездесу он раундқа жоспарланған. ⠀

Екінші орта салмақта өнер көрсететін 29 жастағы Арман Рысбек (7-0, 6KO) тағы бір жергілікті спортшы, 31 жастағы Гамзат Газалиевпен (4-0, 4KO) жұдырықтасады. Жекпе-жек форматы – сегіз раунд. ⠀

Сондай-ақ 18 жастағы жас бокс Дастан Садуұлы (3-0, 3КО) да осы кеште рингке шығады. Оның қарсыласы кейінірек белгілі болады. Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған.

Тегтер: