1 Ақпан 14:30

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Фото:

Таиландта маунтинбайктан Азия чемпионаты басталды. Алғашқы жарыс күнінде аралас командалық эстафетада жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz

Қазақстан командасы эстафетада қола жүлдегер атанды. Қазақстандықтар Жапония мен Таиланд командаларын алға жіберіп, жеңіс тұғырының үшінші сатысынан көрінді. Команда сапында Әділ Шәкіров, Темірлан Мұхамедиянов, Алина Сарқұлова, Дамир Тұрсынқали сынға түсті. 

Азия чемпионаты 5 ақпанға дейін жалғасады.

Тегтер: