Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматыда танымал фотограф қыз зорлағаны үшін 5 жылға сотталды

Алматы қалалық Медеу ауданының № 2 аудандық сотында 22 жастағы Элинаны зорлады деп айыпталған 34 жастағы Азамат Кенжеғұловқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Азамат Кенжеғұлов
Фото: esquire.kz

Алматы, NEGE. 2023 жылғы 8-наурыздан 9-на қараған түні Азамат Кенжеғұловқаланың түнгі клубтарының бірінде демалып, сол уақытта өзінің құрбыларымен демалып жүрген танысы О-мен кездескен. Бұдан кейін, К. оны үйіне шығарып саламын деген сылтаумен өз пәтеріне әкелді. Әрі қарай, жәбірленушінің дәрменсіз күйін (алкогольдік мас болу) пайдаланып, зорлық-зомбылық көрсетіп, жәбірленушінің еркінен тыс жыныстық қатынас жасаған. Осылайша сотталушы зорлау ісін жүзеге асырған.

Сотталушы К. кінәсін мойындамады және соттан оны ақтауды немесе бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.
Прокурор сотталушыны кінәлі деп тануды және 5 жыл 4 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сотталушының кінәсі іс бойынша жиналған сараптамалардың қорытындылары, жәбірленуші мен куәгерлердің айғақтары арқылы дәлелденді. Сот үкімімен К. ҚК-нің 120 бабы 1 б. бойынша кінәлі деп танылды және оған 5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

KazFem-нің мәлімдеуінше, сотталушы Азамат Кенжеғұлов Elle Kazakhstan, Esquire, Harper’s bazaar сынды танымал басылымдармен жұмыс істеген.

Қазір оқып жатыр

«Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге 350 грант бөлді

Білім гранты

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.