USD
USD
USD

Жезқазғанда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 100 ағаш отырғызылды

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы, «Жасыл аймақ» апталығы аясында Жезқазған қаласында 2024 жылдың 24 сәуірінде 100 ағаш отырғызылды.

Таза Қазақстан
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Жезқазған қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен көшет егу науқанына «Наурыз» саябағында «Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ жастары қатысты.

Мақсат – қала тұрғындарын қаланы таза ұстауға, жастарды еңбекке жұмылдыру арқылы, қаланы таза әрі жасыл қалаға айналдыруға шақыру.

Ұлттық волонтерлар желісі Ұлытау облыстық филиалының жетекшісі Дарын Төлеубай тұрғындарды акцияға атсалысуға шақырды.

«Қаламыздың көгалданып, абаттануы үшін өткізіліп жатқан акцияға тұрғындарды белсенді атсалысуға шақырамын. Сонымен қатар ағаштарды сындырмауға, күтіп-баптауға, қолдарыңыздан келгенше үйлеріңіздің алдына ағаш отырғызып, оларды суарып тұруға кеңес беремін!» деді Дарын Төлеубай.

Атап өтейік, 27 сәуір қала бойынша 9000-дай түп ағаш отырғызу жоспарлануда.

Қазір оқып жатыр

Дания Еспаева: Депутаттардың жалақысы 600 мың теңгеден басталады

жаңа құрам

Пайда жұқарды, бірақ қарыз қалың. Alatau City Bank үшін НЕГЕ уайымдай бастадық?

.

32 мың теңге беріп, 752 мың теңге талап еткен: депутат заңсыз несие берушілерді бақылауға шақырды

несие алу

Депутат туысының бизнесіне қатысты заңға дауыс бере ала ма?

Құрылтай брифингі