1 Тамыз 16:54

Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалға өтті

Фото:

Токио Олимпиадасында бокстан аса ауыр салмақтағы ширек финалдық жекпе-жектер жалғасуда. 

Алматы, NEGE. Аса ауыр салмақта сынға түскен Қамшыбек Қоңқабаев ресейлік Иван Верясовпен кездесіп, жеңіске жетті. 

Ол қарсыласын 4:1 есебімен ұтып, жартылай финалға жолдама алды. Бірінші және екінші раундта төрешілер жеңісті Қамшыбекке берсе, үшінші раундта Иван Верясовтың белсенділігі есепке алынды. 

Жартылай финалда Қамшыбек Қоңқабаев америкалық Ричард Торреспен кездеседі. 

Тегтер: