3 Желтоқсан 16:52
...
«Қайрат» футзал командасы Словенияны жеңді

«Қайрат» футзал командасы Чемпиондар лигасы элиталық сатысындағы екінші ойынын Словенияның «Добовец» командасына қарсы өткізді.
Ойынның 3-минутында словениялық қорғаушы өзінің қақпасына гол соғып алды, деп жазды 24.kz.
Алматы, NEGE. «Қайраттың» ойыншылары 15, 17-минутта есепті үстемелей түсті. Екінші кезеңде қазақстандық команда сол басымдықты арттырды. Кейін қақпаға төрт доп салды.
Айта кетсек, қазақстандық ұжым қазірге дейін «Бенфикадан» 2:3 есебімен жеңілсе, «Приштинаны» 11:2 есебімен сүріндірді.
Турнир кестесінде «Бенфика» мен «Қайрат» командаларында алты ұпайдан бар. Өзара кездесуінде жеңіске жеткен португалиялық клуб «Төртеудің финалы» сатысына жолдама алды.