Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының жеребесі тартылады

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық сатысының жеребесі тартылады, деп хабарлайды Kazinform.
Алматы, NEGE. Былтыр С лигасында өз тобында бірінші орын алған қазақстандық футболшылар енді Ұлттар лигасы плей-офф жүйесі бойынша Еуропа чемпионатының финалдық сатысының жолдамасын сарапқа салуға мүмкіндік алды.
Еуропа чемпионатының іріктеу сатысында ел құрамасы 18 ұпаймен Финляндиямен бірге үшінші-төртінші орынды өзара бөлісті.
Финалдық сатының жеребесі бүгін, 2 желтоқсан күні тартылады. Құрамалар төрт себетке бөлінген.
1 себет: Германия, Португалия, Франция, Испания, Бельгия, Англия
2 себет: Венгрия, Дания, Албания, Австрия, Турция, Румыния
3 себет: Шотландия, Словения, Словакия, Чехия, Нидерланд, Хорватия
4 себет: Сербия, Италия, Швейцария және Ұлттар лигасынан үш жеңімпаз
Еуропа чемпионатының финалдық сатысы 2024 жылдың 14 маусымы мен 14 шілдесі аралығында Германияда өтеді.