Элизабет Тұрсынбаева анасының даулы сұхбаты үшін кешірім сұрады

27 қыркүйек, 09:34
Элизабет Тұрсынбаева анасының даулы сұхбаты үшін кешірім сұрады
Фото: ғаламтордан

 Жақында мансабын аяқтаған қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева анасының ресейлік басылымға берген сұхбаты үшін кешірім сұрады.

Алматы, NEGE. «Анамның сөзі үшін кешірім сұраймын. Өкінішке қарай, екеуіміз екі жақтамыз. Анам қазір Мәскеуде, мен Қазақстандамын. Мен бұл жағдайды бақылаған жоқпын. Оны бәрібір жақсы көремін. Артық айтқаны үшін уайымдап жүрген болар», – деп жазды Элизабет Тұрсынбаева Instagram желісінде. Бұған қоса спортшы желі қолданушыларынан анасының сөзіне қатысты жағымсыз пікір жазбауын өтінді. Мәнерлеп сырғанаушының анасы Падишахан Сұлтаналиева ресейлік «Матч ТВ» телеарнасына берген сұхбатында Олимпиадаға Қазақстан атынан шыққаны үшін өкінетінін айтқан болатын.

«Егер сіз ұсынатын ел әлемдік аренада мәнерлеп сырғанау ортасы ретінде бағаланбаса... бұл тозақ. Олардың судьялары да, техникалық бақылаушылар да жоқ, сахна артында ешқандай қолдау жоқ. Ғасырлар бойы көшбасшылық үшін күресіп келе жатқан державаларда жеңіске жетуге барлық жағдай жасалған. Олар өз спортшыларын қорғап, төрешілермен жұмыс жасайды. Үлкен спорт үлкен саясатпен тең. Мен мұны процесте, тым кеш болғанда ғана түсіндім. Егер немерелерім мәнерлеп сырғанаушы болғысы келсе, мен оларға тек Ресей атынан өнер көрсетуді кеңес беремін. Өзімнің қателігімді ескеремін, Қазақстанда жағдай өзгермесе дәл осындай шешім қабылдаймын. Бірақ бұл тек менің пікірім екенін атап өткім келеді», – деді спортшының анасы.