18 Қаңтар 12:38

Допинг дауымен қазақстандық үш бапкер жазаланды

Фото:
«ҚР Ауыр атлетитка федерациясының атқарушы директоры Алдияр Нұралинов тәртіптік комиссияның бапкерлері Айбол Көлбаевті, Талғат Әбенді және Славик Нюді қызметінен шеттетілуіне қатысты пікір білдірді. Аталған бапкерлер дайындаған атлеттер допинг дауына іліккен болатын

», – деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Бұған дейін Ауыр атлетика федерациясы Алматы облысының Талғар қаласындағы «Ақбұлақ» олимпиадалық орталығының базасында республикалық деңгейде допингке қарсы ережені бұзу бойынша тәртіптік комииссияның отырысын өткізген. Комиссия шешімімен Алматы қаласындағы Республикалық спорт және олимпиадалық резерв дайындау колледжінің ауыр атлетикадан бапкері Айбол Көлбаевті, №17 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерві мектебінің және Алматы қаласындағы мамандандырылған жоғары спорттық шеберлік мектебінің бапкері Талғат Әбенді 4 жылға қызметінен шеттету туралы шешім қабылдады. Бұл бапкерлер Қазақ ұлттық антидопинг орталығының шешімімен 2 жылға спорттан шеттетілген атлеттер Аружан Көлбайды (Алматы қ.), Гүлдана Жүністі (Алматы), Асылжан Бектайды (Қызылорда облысы), Әлішер Сейітқазыны (Алматы) және Ерасыл Кеңесбаевті (Алматы) дайындаған.

Шымкент қаласындағы №20 спорт мектебінің бапкері Славик Ню атлет Максим Нюді спортқа баулығаны үшін қызметінен шеттелді. Себебі шәкірті допинг қолданғанды үшін 4 жылға спорттан шеттетілген еді.

Енді жоғарыда аталған бапкерлер тәртіптік жаза мерзімі ішінде бапкерлікпен айналыса алмайды.

Тегтер: