16 Желтоқсан 19:40

Бас жүлде – өзбек палуанында

Фото:

15-16 желтоқсан күні Ақтөбеде Qazaq Kuresi-нен әлем чемпионаты өтті. Осы бәсеке барысында сегіз салмақ дәрежесі бойынша жүлделер сарапқа салынды.

Алматы, NEGE. Айтулы жарысқа 40-тан аса мемлекеттен келген балуандар қатысты. Олардың қатарында Франция, Ұлыбритания, Германия, Австрия, Норвегия, Ресей, Иран, Ирландия, Украина, Чехия, Грузия, Эстония, Пәкістан,Үндістан, Словения, Литва, Өзбекстан, Қырғызстан және тағы басқа елдер бар.

Әлем Чемпионатында өзбек палуанының жұлдызы жанды. ABS категориясы бойынша Кишомиддинов Мұхсин Алтын медаль иегері атанды. Күміс жүлде Грузиялық палуан Бека Бардзенишвилиде, қола медаль тәжік палуаны Құрбоналиев Дадоханның еншісінде.

 Бүгін әлем чемпионатында қазақстандық үш балуан сынға түсті. Олардың қатарында Қуаныш Ысқақов (66 келі), Айдос Ғалымов (74 келі) және Әбдіқасым Сахан (82 келі) боз кілемге шықты. Айта кетерлігі, үш балуанымыз да финалға жетті. Қуаныш Ысқақов ақтық сында моңғолиялық Батзая Ерденебаярды жеңді. Ал Айдос Ғалымов грузиялық Элгуджа Барбакадзенің жауырынын жерге тигізді. Ал Әбдіқасым Сахан финалда ресейлік Арам Григорянға жол беріп қойды.

Түйе балуандар сайысында өзбекстандық Мухсин Хисомидинов жеңімпаз атанды. Естеріңізге сала кетелік, әлем чемпионатында Дәулет Ниетбай (55 келі), Нұрым Сәлімгереев (100 келі) және Руслан Әбдіразақов (100 келіден жоғары) «алтыннан» алқа тақты. Сондай-ақ, Ержан Еренқайыпов (60 келі) пен Әділжан Ыстыбаев (90 келі) қола жүлдегер болды

Тегтер: