USD
USD
USD

ҰҚК Бишімбаевтың телефонын аша алмады

Астананың мамандандырылған ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелін өлтіру ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. 

Бишімбаев соты
Фото: Жоғарғы сот

Астана, NEGE. Бүгінгі сот отырысында судья Айжан Құлбаева Ұлттық қауіпсіздік комитетінің техникалық мамандарының Бишімбаевтың ұялы телефонын аша алмағанын мәлімдеді. 

«Телефон сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде заттай айғақ ретінде танылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында бұл факті бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті 5-ші қызметінің 12-бөлімі зерделеу жұмыстарын жүргізді. IPhone 13 PRO MAX телефонында алты таңбалы пароль коды орнатылған және қолда бар құралдармен оны айналып өту мүмкін емес деген қорытынды шығарылды», - деді судья Айжан Құлбаева.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты