Бас бапкер ұлттық құрамаға шақырту алған футболшылар тізімін жариялады

26 қыркүйек, 15:26
Бас бапкер ұлттық құрамаға шақырту алған футболшылар тізімін жариялады
Фото: ғаламтордан

  Футболдан Қазақстан құрамасы қазан айында екі ойын өткізеді. 

Алматы, NEGE. Осыған орай бас бапкер Талғат Байсуфинов қазан айында өтетін ойындарға шақырту алған ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Olympic.kz. Қақпашылар: Стас Покатилов («Қайрат»), Игорь Шацкий («Шахтер»), Мұхамеджан Сейсен («Тараз»). 

Қорғаушылар: Александр Марочкин, Сергей Малый (екеуі де - «Тобыл»), Юрий Логвиненко, Темірлан Ерланов (екеуі де - «Ақтөбе»), Нұралы Әліп, Ян Вороговский (екеуі де - «Қайрат»), Әлібек Қасым («Қызыл-Жар»), Сағадат Тұрсынбай («Ордабасы»), Абзал Бейсебеков («Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Еркін Тапалов («Ақжайық»), Мақсат Тәйкенов («Каспий»). 

Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат («Астана»), Георгий Жуков («Висла», Польша), Владислав Васильев («Андижан», Өзбекстан), Самат Жарынбетов, Азат Нұрғалиев (екеуі де - «Тобыл»), Рамазан Оразов («Ақтөбе»), Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Сұлтанбек Астанов («Ордабасы»). 

Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев («Шахтер»), Айбар Жақсылықов («Жетісу»), Артур Шушеначев («Қайрат»).  Қосалқы тізім: Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Бағдат Қайыров («Тобыл»), Олжас Керімжанов («Тұран»), Нұрлан Дайыров («Қызыл-Жар»), Дмитрий Шомко («Ақтөбе»), Михаил Габышев («Шахтер»), Бауыржан Байтана («Тараз»), Айдос Тәттібаев («Шахтер»), Роман Мұртазаев («Балтика», Ресей), Абат Айымбетов («Астана»).  Футболшылар 4 қазан күні елордаға жиналып, оқу-жаттығу жиындарын бастайды.  Айта кетейік, Талғат Байсуфинов шәкірттері қазан айында екі ойын өткізеді. 9 қазанда Босния және Герцеговинамен, 12 қазан күні Финляндиямен күш сынасады. Екі матч та «Астана Арена» стадионында өтеді.