18 Ақпан 12:50

Азия чемпионаты коронавирус салдарынан Қазақстаннан Өзбекстанға ауыстырылды

Фото:

Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты (АЧ) коронавирус салдарынан Қазақстаннан Өзбекстанға ауыстырылды, деп хабарлады Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) сайты.

Алматы. NEGE. «Коронавирустың өршуінен Қазақстан Республикасының үкіметі жолаушылардың Қытаймен шекаралас елдерге баруына және келуіне шектеу қойған. Себебі індет әлі де тарап жатыр. IWF атқарушы кеңесі жағдайды шұғыл түрде талқылап, чемпионатты Қазақстаннан Өзбекстанға ауыстыруға келісті», - делінген хабарда.

IWF нақтылағандай, ауыр атлетикадан Азия чемпионаты 16-25 сәуірде Ташкентте өтеді.

Тегтер: