3 Қараша 09:43

Садриддин Ахмедов келесі жекпе-жекке жыл аяғына дейін шығады

Фото:
Кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов келесі айқасын жыл соңына дейін өткізбек. 

 рингте Алматы, NEGE. Қазақстандық боксшы, бірінші орта салмақтағы WBC Youth әлем чемпионы Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) келесі айқасын жыл соңына дейін өткізуді жоспарлап отыр,. Бұл туралы боксшы Instagram-да жазып, жаттығу кезіндегі видеомен бөлісті. «Желтоқсандағы жекпе-жекке дайындалып жатырмыз, жаттығу қарқынды әрі сәтті өтуде», - деді ол. Садриддиннің соңғы жекпе-жегі былтыр 7 желтоқсанда Монреалда (Канада) өткен болатын. Ол жетінші раундта аргентиналық Хосе Антонио Вильялобосты (12-6-2, 7 КО) нокаутқа жіберген еді. Қазақстандық боксшының кәсіпқой рингтегі жұмысын канадалық Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясы жүргізеді. 

Тегтер: