18 Ақпан 22:09

16 жасар отандық спортшы әлемдік рекорд орнатты

Фото:

Ташккент қаласында өтіп жатқан  ауыр атлетикадан жасөспірімдер  арасындағы Азия чемпионаты Қазақстан үшін табысты аяқталды. Жас зілтемірші Рахат Бекболат чемпион атанып қана қоймай, әлемдік рекорд орнатты.

Алматы, NEGE. Қызылорда ауыр атлетика мектебінің тәрбиеленушісі Рахат Бекболат қоссайыс қорытындысы бойынша 356 келі (158+198) көтеріп, қарсыласынан 14 келіге асып түсті. Осылайша, 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен 20 жасқа дейінгі жастар арасында чемпион атанды. Сондай-ақ, ол «Серпе көтеру» жаттығуында жасөспірімдер арасында әлемдік рекорд орнатты.

Екінші орын ирандық Аболфази Хакнурға бұйырған – 342 келі (154+188), үшінші орынды өзбек Азимджон Ходжиев иеленген, ол қоссайыс қорытындысы бойынша 333 келі көтерді (152 + 181).

Ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына Азия құрлығының 20 елінен 14 әйелдер және 18 ерлер командасы қатысқан. Қазақстаннан барған 10 спортшының барлығы да жүлделі лорныдарға іліккен.  

Тегтер: