30 Тамыз 19:53

Жүсіп Рахатұлы: Жастар өз мақсатын жақсы түсінеді

Фото:

Бүгінгі жастардың бет алысы басқа. Олар еркін ойлайды, өздерін тәуелсіз сезінеді. Еліміздегі жастарға арналған саясаттың қарқыны да соған сай жүргізіліп келеді. Атқарылатын шаралар әлі де көп. Бүгінгі жастардың бет алысы жөнінде Nege.kz порталының тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары Жүсіп Рахатұлымен сұхбаттасқан еді. 

 Қазіргі таңда жастардың әлеуетін арттыру үшін бірнеше ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Жалпы жастар саясатын жүзеге асыруда неге басымдық берген жөн?

– Мемлекеттік басқарудың басқа да мәселелері сияқты жастар саясатын жүзеге асыру мәселелері кешенді жүргізіледі және ол басқалармен тікелей байланысты.

Жастар саясаты мәселелері бірінші кезекте тұру керек деп ойлау дұрыс емес. Ол күшті мемлекет және қоғам құру кезеңдерінің бірі ретінде қарастылуы тиіс. Керісінше, бұл процесс тұрақты және үздіксіз болғаны жөн. Қазіргі таңда бізді тым көп өзгерістер қоршап жатыр. Десе де, жастарды бұрынғы танымал тұлғалардың жетістіктері мен нәтижелеріне негізделген «патриотизм» бағытындағы отансүйгіштікке тәрбиелеуге болмайды. Әр кезеңнің өз жақсылығы мен жеңісі бар. Біз қазіргі уақыттың көшімен өмір сүріп, болашақта біздің ұрпақ біз туралы қандай ойда болатындығын ойлауымыз керек.

– Әлемнің көптеген елінде жастар арасындағы жұмыссыздық 13 пайыз екен, ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 40 пайыз. Бізде жастар арасында жұмыссыздықтың көп болуына не себеп?

– Менің ойымша, негізгі мәселе – білім беру жүйесінде. Біздегі білім беру жүйесі сыни ойлауға, жастардың қоғамдағы рөлі мен ел экономикасына қосатын үлесі туралы үйретпейді. Статистиканы әлемдік деңгеймен салыстырсақ, еліміздегі университеттердің дені болашақта әлемдік нарықта сұранысқа ие болмайтын мамандарды даярламайтынын түсінуіміз қажет. Бұл жекелеген тұлғалардың тек бәсекелестік қасиеттеріне ғана емес, сонымен қатар оларға үйрететін қабілет пен шеберлікке де қатысты.

Бүгінгі таңда Білім министрлігінің тарапынан бұл саланы тиімді ету мен өзегін арттыру бойынша үлкен жұмыстар атқарылуда. Біз өткен тәжірибелер мен жіберілген қателіктерімізге жалтақтап қарай беруді доғарғанымыз жөн. 

Тағы бір себеп – ол жұмыссыздық ахуалын бағалайтын индикаторлар. Мүмкін біздегі көрсеткіштер аз немесе көп болуы мүмкін. Әрбір азамат шамасы келгенше ел экономикасына өз үлесін қосып жатыр. Ал, оның қосқан үлесі тиімді ме? Бұл енді басқа мәселенің айналасында қозғалады. 

– Елімізде жастарды қолдауға арналған бағдарламалар қалай жүргізіліп жатыр? Көңіліңізден шыға ма?

– Мен – «Өзің жаса» принципінің қолдаушысымын. Әрине, жүйелі түрде біраз нәрсені жетілдіруіміз қажет екені түсінікті. Бюджет қаражатын тиімсіз бөлу, пайдасыз қабылданатын шешімдер –  біздің қоғамда кездесетін факторлар. Тіпті, жастарды отансүйгіштікке үйрететін форумдар мен конференцияларды өткізуді ұнататындар көп. Меніңше, бұларды қоя тұрып жүйелі мәселелермен айналысқанымыз жөн.

Мысалы, инфраструктураның болмауы, оқу орындарының жетіспеушілігі және т.б. жетіп артылады. Бүгінде жастар мәселесін шешу жұмыстарына кәсіпкерлер де белсене араласып жатыр. Мен мұны нағыз Отанға деген махаббат деп білемін. 

Менің жүргізіліп жатқан саясатқа көңілім толады. Менің ойымша, Президент бәрімізге дұрыс бағыт берді. Тиімділік – барлық процесстерді жетілдіреді. Бұл – жеке адамның ойы мен қиялы емес, шынымен жүзеге асырылып жатқан шаралар. 

Әлеуметтік сатылар құрылуда, тек оның барлығы біздің төзімділігіміз бен жетістікке жетуге деген ынтамызға байланысты. Бүгінде бұл процеске меценаттар мен бизнес өкілдері белсенді қатысып, мектеп салып, әлемнің үздік университетеріне гранттар бөліп, жастарды оқу тәжірибе жұмыстарына жұмылдырып жатыр. 

– Біздің елдегі жастардың әлеуметтік жағдайын басқа мемлекеттермен салыстырмалы түрде айтатын болсақ қандай деңгейдеміз?

– Біз жоқ жердің барлығы жақсы деу – қате, алайда біз болмаған жерлер біз ойлағаннан әлдеқайда нашар болуы мүмкін. Мен АҚШ-та оқыдым, маған инфрақұрылымның сан алуандығы ұнады. Мысалы: спорт залдары, кітапханалар, музыкалық және театралды сыныптар.

Жастар өз мақсаттарын нақты түсінеді және сол мақсатқа жетпей қоймайды. Барлық елдегі адамдардың алдында бірдей мәселе тұр. Сондықтан бұл сұрақтарды шешу жолдары мен қабылданған шаралардың тиімділігі бойынша салыстырып отыру қажет деп есептеймін.

Маржан Сәбет, Алматы.

Тегтер: