6 Ақпан 16:10
...

Саяси трансформация және әділетті Қазақстанды құру: ҚЗСИ алаңында Президент Тоқаевтың реформаларының қорытындысы талқыланды

ҚСЗИ
Фото: ҚСЗИ

6 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында «Қ.К. Тоқаевтың 3 жылдық саяси реформаларының нәтижелері» атты тақырыпта «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat.» Ұлттық сараптама алаңының отырысы өтті.

Астана, NEGE. Шара барысында талқылауға қатысушылар – мемлекеттік органдар мен парламент өкілдері, жетекші талдау орталықтарының басшылары, тәуелсіз сарапшылар мен қоғам қайраткерлері Қазақстанда соңғы үш жылда жүзеге асырылған саяси реформалардың негізгі аспектілерін, олардың мемлекеттік басқаруды, құқықтық жүйені және азаматтық қоғамды дамытуға ықпалын талқылады.

Талқылаудағы алғысөзінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов Қазақстанда соңғы үш жылда елімізде ғана емес, бүкіл посткеңестік елдерде бұрын-соңды болмаған демократиялық реформалар жүзеге асырылғанын ерекше атап өтті.

«Мемлекет басшысы бірнеше рет атап өткендей, саяси жаңғыртусыз елдің тұрақты ілгерілеуі мүмкін емес. Жаһандық тұрақсыздық жағдайында жан-жақты саяси реформалардың жүзеге асуы әлемдік қауымдастыққа Қазақстанды аяғына нық тұрған мемлекет және біздің ауызбірлікті біртұтас ұлт екенімізді білдіретін сигнал. Президент Тоқаев Қазақстанның даму, ілгерілеу және реформалар жолын таңдап жатқанын көрсетті. Бұл оның тарихи миссиясы, ел басшысы ретіндегі жауапкершілігі. Реформалардың түпкі мақсаты – әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын арттыру, еліміздің егемендігін нығайту, демократиялық институттарды нығайту және жаңа саяси дәстүрлерді қалыптастыру», – деді Е.Тұқымов.

ҚСЗИ директоры, сондай-ақ реформалардың түпкі мақсаты әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын арттыру, еліміздің егемендігін нығайту, демократиялық институттарды шыңдау және жаңа саяси дәстүрлерді қалыптастыру екенін баса айтты.

ҚСЗИ
Фото: ҚСЗИ

ҚР Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Әзімова Әділетті Қазақстан тұжырымдамасы аясында заңның үстемдігі мәдениеті жаңартылып, адам құқықтарын қорғау және құқық қорғау институттарын нығайту саласында кешенді шаралар жүзеге асырылып жатқанын – олардың ішінде қалпына келтірілген Конституциялық сот орталық орын алатынын атап өтті.

«Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Конституцияның сақталуын қамтамасыз ету бойынша маңызды миссияны жүзеге асырады. Ол азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын сот жүйесінің негізгі элементіне айналды. Сот заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін тексеріп, конституциялық дауларды шешеді, бұл мемлекетіміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің кепілі. Конституциялық Сотты құру оның өз функцияларын тиімді орындауына мүмкіндік беретін тәуелсіздік пен әділдік қағидаттарын сақтай отырып жүзеге асырылады. Конституциялық сот қызмет етуі жылдарында заңның үстемдігін бекітіп, азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін нығайтуға көмектесетін маңызды нәтижелермен көрінді», – деп атап өтті Эльвира Әзімова.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым үкімет бірқатар жағдайларға, атап айтқанда қаңтар оқиғасына байланысты саяси реформалар жүргізуге мәжбүр болды деген аңыздың жоққа шығарды.

«Бірақ демократиялық үдерістер тек жағымсыз оқиғаларға реакция ғана емес. Шын мәнінде, саяси реформалар – бұл президент Тоқаевтың философиясы», – деді А.Сарым.

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи соңғы үш жылдағы демократиялық өзгерістердің оң динамикасын, оның ішінде бірқатар маңызды заңнамалық бастамалардың жүзеге асырылуын атап өтті.

«Алайда реформаларды тек заң арқылы жүзеге асыру мүмкін емес. Қоғамдық санаға өзгерістер қажет. 30 жыл бойы қоғам тоқырау жағдайында болды. Сондықтан өзгерістерді жүзеге асыру кезең-кезеңімен жүруі керек. Қоғамдық санада әлі де демократиялық құндылықтарға бетбұрыс болған жоқ», – деп атап көрсетті Е.Бапи.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева өз сөзінде заң үстемдігі қағидатын нығайту және әйелдер мен балаларды заңнамалық қорғау сияқты реформаның маңызды бағытына тоқталды. Балалар омбудсмені өз институтының қызметінің нәтижелерімен бөлісті.

«Бүгінде 2 мың отбасын қолдау орталығы ашылды, тағы 125 ашылуға дайындық үстінде. Проблемалық отбасыларды бақылау мақсатында 45 мың рейд ұйымдастырылады. Барлық облыстарда психологиялық қолдау орталықтары ашылды. «Жақында балалардың құқықтарын қорғау бөлімдері де ашылады», – деді Д.Зәкиева. Сондай-ақ, ЮНИСЕФ те Қазақстанның балаларды қорғау жөніндегі жұмысын жоғары бағалайтынын атап өтті.

Astana Open Dialogue аналитикалық платформасының тең құрылтайшысы, Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның мүшесі Александр Данилов саяси реформалар негізінен Қантардан кейін «қылбұрау салынады» деп болжаған сарапшылардың күтіліміне қарама-қайшы жүзеге асырылдғанын еске салды.

«Саяси реформалардың ең маңызды нәтижесі – осы уақыт ішінде бізде ешқандай кері қайтару болған жоқ және біз ырықтандыруды жалғастырамыз. Дегенмен, жүргізіліп жатқан реформаларды бағалау үшін әлі де көп жұмыс істеу керек, ҚСЗИ оларды қадағалайтын негізгі институттардың бірі», – деді саясаттанушы.

Талқылау соңында сарапшылар саяси реформалар Қазақстанның тұрақты дамуы мен мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыруға, сондай-ақ қоғамды топтастыруға және азаматтардың еліміздің саяси өміріне белсенді қатысуына берік негіз қалады деген қорытындыға келді.