USD
USD
USD

Қаржылық мониторинг агенттігі алаяқтықтың жаңа түрлері туралы ескерту жасады

Алаяқтар азаматтардың жұмыс орындарында — көбіне орта және жоғары оқу орындарында, сондай-ақ мемлекеттік мекемелерде — тексеріс жүргізіліп жатқаны туралы жалған хабарламалар таратып, құжаттарды ұсынуға және «ынтымақтастыққа» шақырады, деп хаьбарлады ҚМА.

ҚМА
Фото: ҚМА

Алматы, NEGE. Сенім ұялату үшін бұл хаттар Қаржылық мониторинг агенттігінің жалған логотиптері бар жалған бланкілерге басылып, жалған мөрлермен бекітіледі.

Кейін олар өзін ҚМА қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарға хабарласып, банк шоттары туралы мәліметтерді алдап алуға тырысады.

Сондай-ақ жалған ҚМА қызметкерлері мессенджерлер арқылы азаматты тексеріліп жатқан тұлғалар тізімінде бар деп хабарлап, ақша бопсалау жағдайлары да тіркелген.

Азаматтардың шағымдарында жиі қайталанатын тегі: «Мыктыбаев», «Хамзин», «Жалимов», «Жалимбетов».

Қаржылық мониторинг агенттігі:

• мұндай тексерістер жүргізбейді;

• ресми хабарлама жібермей телефон арқылы жеке деректерді сұрамайды;

• жеке тұлғаларға телефон шалмайды;

• ақша аударуды талап етпейді;

• тек заң аясында әрекет етеді.

«Азаматтарды мұқият болуға, арандатушылық пен алаяқтардың айласын елемеуге шақырамыз. Күмән туған жағдайда 1458 нөмірлі Call-орталығына немесе +7 (727) 279-20-86 нөмірі бойынша кезекші бөлімге дереу хабарласу қажет», – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

Ақорда

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Хан шатыр

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Ақорда

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған

Халық банк