Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Сот Талғат Ермегияевті мерзімінен бұрын босатудан бас тартты

Алматы облыстық соты «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевтің адвокаты берген жеке шағымды қарады.

Сотталушы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ермегияевтің адвокаты аталған қаулының күшін жойып, сотталушыны шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы жаңа шешім шығаруды сұраған. Алайда прокурор қаулыны өзгеріссіз қалдыруды талап етті.

Сот алқасы соттың  шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тарту туралы қаулысын жоюға негіз жоқ екенін анықтады. Өтінішті қарау барысында процессуалдық және материалдық құқық нормалары бұзылмаған. Сот Ермегияевтің жеке мінездемелеріне, оның ішінде келтірілген залалды өтеу мәселесіне тиісті баға берген. Осыған байланысты бірінші сатыдағы соттың қаулысы өзгеріссіз қалдырылды.

Айта кетейік, 2016 жылы Ермегияев 780 млн теңге көлемінде пара алғаны және бірнеше миллиард теңгені жымқырғаны үшін 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын.

Қазір оқып жатыр

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.

Грантқа іліге алмағандарға тағы бір мүмкіндік бар

грант