USD
USD
USD

МӘМС: жаңа жүйеге дайындық қалай?

Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін енгіземіз дегелі біршама уақыт. Тіпті, 2017 жылдан бастап кезең-кезеңмен жүзеге асатын жүйе 4,5 миллион адамға тегін медициналық көмек көрсетеді деген. Алайда, кейбір өңірді айтпағанда, облыс орталықтарындағы медициналық мекемелердің әлеуеті бұл жүйеге дайын емес екенімізді көрсеткендей. Себебі, әлі күнге заманауи құрал-жабдыққа қолы жетпеген емханалар мен ауруханалардың саны көп.

МӘМС: жаңа жүйеге дайындық қалай?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Медициналық сақтандыру – денсаулық сақтау саласындағы халықтың мүддесін әлеуметтік қорғаудың бір түрі. Яғни, медициналық көмек қажет еткенде сақтандырылған жағдай бойынша науқасқа жинаған қаржы кепілдік болады. Дерек бойынша, елімізде тәулік бойы ем алудың құны 1,5 есеге, ал күндізгі станционар бойынша 2,5 есеге өскен. Неге? Өйткені, медицина саласына қатысты технологияның қызметі қымбат. Мемлекет қаржысы медициналық қызметті реформалауға міндетті болғанымен, науқастың ем-дом алуына қажетті шығынды өтей алмайды. Адамдар сол себептен де ақылы қызметке жүгінуге мәжбүр. Соңғы 5 жыл ішінде адамдардың түрлі меншік түріндегі емханалар мен ауруханаларға жұмсаған қаржысы 680 млрд теңгені құрапты. Бұл – жеке адам жұмсауға тиісті шығынның 42 пайызына жетіп отыр. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы талабы бойынша, мұндай шығын 20 пайыздан аспауы тиіс.  

Сақтандыру қорына барлық азамат жарна төлеп тұруға міндетті. Қазіргі кезде жарна төлеу бойынша алдыңғы қатарда Алматы қаласы келе жатыр. Мәселен, 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 25 қазаны аралығында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 214,4 млрд теңге жарна түскен. Айтпақшы, жұмыс берушілер нарықтағы жекеменшік сақтандыру қызметтерін қосымша пайдаланғысы келсе – оған еш шектеу жоқ. Сақтандыру жүйесі медициналық көмекті пайдаланудағы әлеуметтік алалықты да жояды дейді мамандар. Сол сияқты ұзын-ырғасы 15 санаттан тұратын әлеуметтік топтардың кепілді медкөмекпен қамтылуы – еліміздің он миллионға жуық азаматының денсаулық мәселесін мемлекет автоматты түрде өз мойнына алады деген сөз. 

Бүгінде МӘМС қазір Қарағанды облысының 9 ауданының, 11 қаласында пилоттық сынақтан өтуде. Бұл пилоттық жоба 2020 жылы заң жүзінде іске аспақ. Яғни, келер жылы кепіл­дендірілген меди­ци­­налық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтан­дыру жүйесі қатар жүреді. Бірінші пакет бо­йынша Үкімет жар­налардан түскен қар­жыны өз мой­нына алады. Яғни, Үкімет 15 категория бо­йын­ша жарнаны өзі төлеп отырады. Оның ішінде балалар, мүгедектер, ҰОС ардагерлері, зейнеткерлер, батыр аналар, үш жасқа дейін баламен отырғандар ке­­піл­ден­ді­ріл­ген медициналық пакет ар­қы­­лы тегін көмек алады. Бұрын­ғы­дай ал­ғаш­­қы меди­ци­налық көмек, же­дел жәрдем шақыру, санитарлық авиа­ция көмегі, басқа да науқастың өмірін құтқаруға қажетті дәрігерлік көмектің барлығы те­гін көрсетіле береді. Екіншіден, науқас­тың дертін анық­тау мен толықтай емдеуге қажетті шығынды жабу ендігі жерде МӘМС жүйесі арқылы іске асы­рыла­ды. Бұған маман дәрігердің кеңесінен бастап, дертті анықтау мен емдеуге қа­жетті шараның барлығы кіреді. Стационар­лық ем алу түрі мен дәрі-дәрмек тізбесі ұлғая­ды. Қажетті диагностикалық құрылғылар мен қондырғылар қызметі де қолжетімді болмақ. Яғни, қазіргі күні тұр­ғын­дар қо­сым­ша қаржы шығындап отыр­ған меди­циналық қызметтердің барлығы міндетті сақтандыру жарнасы есе­бінен төленеді. Азаматтар өз табы­сы­нан тиісті мөлшер­де­гі соманы «Міндетті әлеуметтік меди­ци­налық сақтандыру қоры» коммер­ция­лық емес акционерлік қоғамының есебіне аудара алады. Жи­нақ­тау жүйесіне төлей­тін жарна мөлшері сатылап өсетіні тағы бар. Мысалға, 2017 жыл­дың 1 шілде­сінен бастап міндетті жарна табыстың 1 пайы­зын құраса, 2018-2019 жыл аралы­ғында 1,5 пайызға өзгерді. Алдағы жыл­дан бастап жарна 2 пайыз­ға көбейіп, 2022 жылдан 3 пайызды құ­рауы тиіс. Бұл емдеу мекемелеріне қойы­ла­тын талапты күшей­тіп, бәсекелестікті арттырады. Тек жарна уақы­тылы төленуі тиіс.

Шетелдік тәжірибе не дейді?

Денсаулық сақтауды қаржыландырудың жаһандық модельдері бойынша медициналық сақтандыру жүйесінің үш түрі – мемлекеттік, қоғамдық және жеке сақтандыру түрлері бар. Мәселен, Ұлыбритания, Италия, Испания және Швецияда медициналық сақтандырудың мемлекеттік түрі жұмыс істейді. Яғни, халықтың медициналық қызметтермен қамтылуы мемлекеттік бюджеттің есебінен қамтамасыз етіледі. Ал Германия, Франция, Бельгия сияқты мемлекеттерде қоғамдық сақтандыру түріне басымдық берілген. АҚШ-та денсаулық сақтауды қар­жы­ландыру жеке сақтандыру тәсілі бойынша қаржылан­дыры­лады. Орталық және Шы­ғыс Еу­ропаның 16 елі, сондай-ақ, Түр­кия денсаулық сақтау жүйесін қар­жы­ландыруға ре­фор­­малар жүр­гізе отырып, бюд­жеттік қаржы­лан­дырудың орнына міндетті әлеу­меттік медициналық сақтандыру (МӘМС) моделіне тоқтады. Енді бұл тәжірибені Қазақстан да таңдап отыр.  

Жүйе Еуропа елдеріндегі медициналық сақтандырудың бюджеттік және қоғамдық модельдерінің тәжірибесін ескере отырып жасақталса да, Қазақстан аралас модель енгізуді қолға алмақ. Айта кету керек, жарна көлемі үлгі ретінде қарастырылған елдермен салыстырғанда арзан. Мысалы, Германияда МӘМС жарнасының көлемі жұмыс берушілер үшін 7,2%, ал қызметкерлер үшін 7,3% құрайды. Алайда, Азаматтар тарапынан сақтандыру туралы сауал көп. Мысалы, жеке емханалардың қызметін пайдаланатындар міндетті жарнаны артық шығын ретінде қарайды.

Негізі бұл жүйені енгізу туралы әңгіме 1996 жылы сөз болған. Ол кезде медицина былай тұрсын, ел экономикасының өзі шатқаяқтап тұрған. Тіпті, біз бұған дейінгі айтылған меже – 2017 жылы да дайын емес едік. Цифрландыру мәселесі сөз жүзінде қалып келеді. Дәрігер науқасқа жылы қабақ танытудың орнына қағаз толтырумен әлек. Ал МӘМС жүйесін енгізуге дайынбыз ба, жоқ па, ол да ертеңгі күні тәжірибеден айқын көрінетін сияқты.

Динара Мыңжасар

Қазір оқып жатыр

«Псевдо ұлт деу – артық»: депутат Танакөз ақынның жазбасы жайлы

бапи

«Ертең мың адам тағы барады»: Депутат шетелде соғысқан қазақстандықтарға жазаны жеңілдетуге қарсы

мұрат әбен

Маңғыстаулық Ұлы Отан соғысының ардагері бейбітшілікті бағалап, болашақ үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды

Маңғыстау облысы

Ескертуді елеместен Таяу Шығысқа кеткен қазақстандықтар жауапқа тартыла ма?

Әлібек Қуантыров