USD
USD
USD

Астанада шетел азаматтарына ЖСН елге келмей тұрып заңсыз рәсімделген

Астанада шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) заңсыз рәсімдеу схемасы анықталды.

Жеке куәлік
Фото: kapital.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес шетел азаматтарына ЖСН беру үшін олардың Қазақстан аумағында болуы және міндетті биометриялық сәйкестендіруден өтуі талап етіледі.

Алайда 2024–2025 жылдары өтініш берушілердің елге келмей-ақ ЖСН рәсімдеуге заңсыз көмектесетін қылмыстық схема ұйымдастырылған. Бұл мақсатта әлеуметтік желідегі арна пайдаланылған, сол арқылы ЖСН-ды қашықтан алуға мүдделі шетел азаматтары іздестіріліп, тартылған.

«Қылмыстық әрекетке «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Астана қаласы бойынша филиалының қызметкерлері тартылған. Олар ХҚКО ақпараттық жүйесіне көрінеу жалған мәліметтер енгізіп, ЖСН алуға қатысты жалған өтінімдер рәсімдеген», – деп хабарлады ҚМА өкілдері.


Заңсыз сыйақы делдалдар арқылы банк аударымдары түрінде берілген.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты