14 Қыркүйек 14:21

Қуат Хамит: «Қаланың үстінен ұшқан тікұшақ көрсеңдер, автоматпен атып түсіріңдер»

Фото:
Ережесіз жекпе-жек шебері, «Найман» лақап атымен танымал Қуат Хамит дезинфекция шашып жүргендерді соққыға жығып, қала үстімен ұшып жүрген тікұшақтарды атып түсіруге шақырды. Бұл туралы

«Kozachkov offside» Telegram-каналы хабар таратты.

Алматы. NEGE. «Кеше адамдар тағы да дезинфекция жасай бастады. Халықты улап жатыр. Бұл адамдарды көрсеңіздер тепкінің астына алыңдар, таспен, таяқпен ұрыңдар. Халықты улауын доғарсын. Ал тозаң шашып жүрген тікұшақ көрсеңдер, автоматпен атып түсіріңдер. Бәрі соғыстағыдай: біреулерді тоқтатсақ, мың адамды құтқарамыз», – деді Хамитов.

Айта кететін жайт, Алматы мен Нұр-Сұлтан әкімдіктері қала үстінен тікұшақпен дәрі шашатынын жоққа шығарған болатын.

Тегтер: