Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Президент Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIІI съезіне қатысып жатқан Қытай делегациясымен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік даошылар федерациясының төрағасы Ли Гуанфу, Қытай буддашылар қауымдастығы төрағасының орынбасары Цзин Бо және ҚХР Дін істері жөніндегі бас басқармасының әкімшілік департаменті бастығының орынбасары Сунь Вэй бастаған делегацияны қабылдады.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Президент жаһандық өркениетаралық диалогты дамытуда Қытайдың сындарлы рөл атқаратынын, сондай-ақ бұған Төраға Си Цзиньпин зор үлес қосқанын атап өтті.

Мемлекет басшысы бейбітшілік пен үйлесім идеясын ілгерілетуде будда және дао ілімдерінің орны ерекше екенін айтты. Сонымен қатар екі елдің дін ісіне жауапты мемлекеттік органдары арасындағы ынтымақтастықтың маңызына тоқталды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен жұмыс Қазақстан мен Қытайдың мәңгі стратегиялық серіктестігін нығайтуға, өзара сенімді дамытуға, бейбітшілік пен келісімнің ортақ құндылықтарын дәріптеуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Қазір оқып жатыр

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА

Қазақстандықтар eGov сайты ашылмай тұрғанын айтып, шағымданды

ақау