USD
USD
USD

Ұлттық архив қоры жаңа құжат түрлерімен толығады

Мәжіліс Мәдениет және ақпарат министрлігі әзірлеген архив ісі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің жаңа ғимараты
Фото: Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Заң жобасында құжаттардың жаңа түрлерін қоса отырып, Ұлттық архив қорының құрамы нақты анықталады. Олардың қатарында тәжірибелік- конструкторлық, жобалық-сметалық және қала құрылысы құжаттамасы, Қазақстаннан тыс жерде түпнұсқа ретінде табылған архивтік құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ басқа да материалдар бар.

Тарихи-мәдени мұраны сақтау мақсатымен мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жасалған аудиовизуалды құжаттардың көшірмелерін жеке және заңды тұлғалардың архивтерге міндетті түрде тапсыруы туралы норманы енгізу ұсынылды. Бұл шара Ұлттық архив қорын тәуелсіз Қазақстан тарихының оқиғалары мен деректерін көрсететін құжаттармен толықтыруды қамтамасыз етеді.

Еңбек кодексіне, сондай-ақ «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы», «Электронды құжат және электронды цифрлық қолтаңба туралы», «Агроөнеркәсіп кешені және ауылды аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңдарға өзгерістер енгізіледі.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

ҚТЖ

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

KEGOC

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады

Қасымбек, Тоқаев

Енді шетелдік дәрі-дәрмектер халыққа жылдам жеткізілмек

Дәріхана