Қазақстанда жасыл экономиканы дамыту үшін қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

Климаттың өзгеруі – әлемдік мәселеге айналды. Оның өзгеруіне түрлі факторлар әсер етіп жатыр. Статистикалық мәліметке сүйенсек, соңғы 75 жылда орташа жылдық температура 2 градусқа көтерілген. Аз өзгерістің өзі табиғат жағдайларын өзгертіп отыр. Жыл сайын халық құрғақшылық зардабын тартып келеді. Сондықтан Қазақстанның да бұл мәселеде өз ұстанымы бар.
Қазақстан қазба отындарына тәуелді. Десе де жасыл экономика бағытын қолдап келеді. Сол себепті билік баламалы энергия көздеріне айтарлықтай инвестиция салуға дайын. Қазақстан «жасыл болашаққа» көшудің қажет екенін түсініп отыр. Халықаралық шарттарды ратификациялау арқылы Қазақстан Үкіметі өзіне бірқатар міндеттемелерді жүктеді. Оларды төменде атап кетуді жөн санадық.
Қазақстан Париж келісімін 2016 жылғы 4 қарашада ратификациялады, құжат ел үшін 2016 жылғы 6 желтоқсанда күшіне енді. Қазақстанның сөзсіз ұлттық жарна мақсаты 2030 жылға қарай парниктік газдар қалдығын 1990 жылғы деңгейден 15%-ға төмендетуге бағытталған.
2020 жылдың желтоқсанында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2060 жылға қарай Қазақстанда көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді міндеттеді. Сондай-ақ Тоқаев үкіметке елдің жалпы энергетика жүйесіндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 2030 жылға қарай 15 пайызға дейін арттыруды тапсырды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі Доктрина әзірленіп жатыр. Құжатта парниктік газдар шығымының төмен деңгейіне көшудің ұзақ мерзімді болжамы және экономиканың барлық салаларында қажетті қайта құрулар ұсынылатын болады. Оларға көмірмен жұмыс істейтін жаңа энергетикалық жобаларды жою және 2025 жылға қарай көмір жағуды кезең-кезеңмен тоқтату, 2025 жылға қарай екі миллиард ағаш отырғызу, 2030 жылға қарай жалпы энергия кешенінде жаңартылатын энергияны екі есе арттыру жатады.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Халықаралық жиындардарда сөйлеген сөзінде ерекше атап өтеді.
2040 жылға қарай қатты тұрмыстық қалдықтарды 100% сұрыптау, экологиялық таза сутегін енгізу сияқты мақсаттар көзделген.
Тұрақты даму мақсаттарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан өзінің ұлттық даму жоспарында жасыл экономиканы дамытуға басымдық берген.
2021 жылдың наурыз айында жарияланған Ұлттық даму жоспары 2025 жасыл технологияларды дамытуға және жаңартылатын энергия көздерін арттыруға баса назар аударады.
Жоғарыда аталған мақсаттарға жету үшін еліміз келесі бастамаларды қолға алды:
2021 жылдың ақпанында Президент Тоқаев баламалы энергетиканы дамыту туралы жаңа заң әзірлеуді тапсырды. Заң жаңартылатын және баламалы энергия көздеріне қатысты тәсілдер мен ережелерді қамтуы керек.
2021 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан президенті Тоқаев биылғы жылдың қаңтарында қол қойған жаңа табиғатты қорғау заңнамасының ресми қолданысқа енгізілгенін атап өтті. Экологиялық кодекс биоалуантүрлілікті сақтауға жәрдемдеседі, жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамытуды ынталандыру үшін тарифтерді белгілейді және Қазақстандағы 50 ең ірі көміртегі эмитенттері үшін шығарындыларға шектеулер енгізеді.
Бүгінгі таңда шамамен 2000 мегаватт жаңартылатын энергия көздері іске қосылды және Қазақстан 2030 жылға қарай энергия өндірудегі жаңартылатын энергия көздерінің 15 пайыздық үлесіне қол жеткізуге жақсы жолға қойылған.
Жасыл қаржыландыру АХҚО үшін басымдық болып табылады, мұны Жасыл қаржы орталығының (GFC) құрылуы дәлелдейді.
2018 жылдың 1 маусымында құрылған бұл платформа Қазақстанда және Орталық Азия аймақтарында жасыл қаржыландыруды дамытуға және ілгерілетуге арналған.
Қазақстанның бәсекеге қабілетті және кең ауқымды жел және күн әлеуеті бар (елдің шамамен 50% желдің орташа жылдамдығы секундына 4-тен 6 метрге дейін - энергия өндіруге жарамды).
Неміс-швед компаниясы SvevindEnergy 2021 жылдың маусым айында Қазақстанда орнатылған жел және күн энергиясынан қуат алатын әлемдегі ең ірі жасыл сутегі кешенін құру үшін KazakhInvest-пен бірлесіп жұмыс істейтінін хабарлады. Қазан айында қазақстандық делегацияның Швецияға сапары барысында ұйымдастырылған SVEVIND президенті Вольфганг Кропппен кездесуде жобаны жүзеге асырудың жол картасына қол қойылды.
Итальяндық Eni компаниясы «ҚазМұнайГаз» компаниясымен сутегі қуатын дамыту жөнінде келіссөздер жүргізуде. Бүгінгі таңда компания екі жел электр станциясы мен елдегі фотоэлектр станциясы арасында бөлінген жалпы саны 150 МВт жаңартылатын энергияны орналастырды.
Оңтүстік Қазақстандағы қуаты 100 МВт Жаңатас жел электр станциясының құрылысы аймақтағы ең ірі жел электр станцияларының біріне айналады.
Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2010 жылы тұрақты экономика мен жаңа және ұзақ мерзімді жасыл жұмыс орындарын құру үшін озық технологиялар трансфертін, білім алмасуды және қаржылық қолдауды жеңілдету мақсатында «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасына бастамашылық етті.
2021 жылдан бастап ел келесі бес жылда екі миллиард ағаш отырғызады, бұл көміртегін және климаттың өзгеруіне байланысты шөлейттену мәселелерін шешуге көмектеседі.