USD
USD
USD

Қазақстанда АПВ-ға қарсы вакцинаны енді 18 жасқа дейінгі қыздар да тегін салдыра алады

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер 13 мамырда «Қазақстан Республикасында 14–17 жас аралығындағы қыздарға адам папилломасы вирусына қарсы қосымша вакцинация жүргізу туралы» қаулыға қол қойды.

АПВ
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Қаулыға сәйкес адам папилломасы вирусына қарсы вакцинация 14 жастан 17 жас 11 ай 29 күнге дейінгі қыздарға ерікті негізде жүргізіледі, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Мұндай шешім қабылдауға тұрғындардан адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялауға жататын контингентті кеңейту жөніндегі өтініштері негіз болған. Мұндағы мақсаты – адам папилломасы вирусымен байланысты онкологиялық аурулардың даму қаупін төмендетуге бағытталған профилактикалық шараларды  күшейту, сондай-ақ жасөспірімдерді қосымша қорғауды қамтамасыз ету.

«Айта кету керек, вакцинация егілетін адамның немесе ата-анасының (заңды өкілінің) ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін білім беру ұйымдарының медициналық кабинеттерінде немесе тіркелген жері бойынша емханаларда жүргізіледі.

Қосымша вакцинация адам папилломасы вирусына қарсы вакцинаның қолда бар қоры есебінен жүзеге асырылады», – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, осы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша 11–13 жастағы қыздарға адам папилломасы вирусына қарсы 398 мыңнан астам профилактикалық екпе жүргізілген, оның ішінде 248 мыңына бірінші доза, 150 мыңына екінші доза салынған. Вакцина алғандар арасында иммундаудан кейін теріс әсерлер тіркелмеген.

 

Қазір оқып жатыр

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрағасы атанды

Дания Еспаева

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Перуашев

Сот «Шымбұлақ» шатқалына көліктің кіруін шектеу Конституцияға қайшы екенін анықтады

Шымбұлақ

«Қазақмыс» жұмысшыларының талабын арнайы комиссия қарайтын болды

Қазақмыс