16 Желтоқсан 19:49

Жедел жәрдем қызметіне 50 жаңа көлік берілді

Фото:

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жедел жәрдем қызметіне 50 көліктің кілтін тапсырды.

Алматы, NEGE.  Бақытжан Сағынтаев Алматының жедел жәрдем қызметіне барлық қажетті медициналық құрылғылармен жабдықталған 50 көліктің кілттерін тапсырды.

Оның айтуынша, автопаркті жаңа көліктермен толықтыру қаладағы медициналық мекемелерді модернизациялаудың үш жылдық жоспары бойынша жүргізілуде.

«Бүгін жедел жәрдем қызметіне жаңа 50 Hyundai – Н 350 BUS Ambulance автокөлігі берілді. Заманауи жедел жәрдем көліктерінің бортында дефибрилляторлар, электрокардиографтар, ӨЖЖ аппараттары мен басқа да қажетті жабдықтар бар», — деді Б. Сағынтаев.

Сонымен қатар, ол биыл 74 стационар мен емханаға шамамен 4,2 мың бірліктегі медициналық құрал-жабдық сатып алынғанын айтты. Жедел жәрдемнің жаңа 85 көлігі сатып алынды. 2021 жылдың басында тағы 50 көлік сатып алу жоспарда.

«Жаңа көліктер пациенттерге шұғыл түрде жетіп, уақытылы көмек көрсетуге септігін тигізеді. Бұл, әсіресе, пандемия кезінде өте маңызды. Міндетіміз – қала тұрғындарының денсаулығын сақтау. Сақ болыңыздар!», — деді қала Бақытжан Сағынтаев.

Тегтер: