27 Желтоқсан 10:15

Вирусқа шалдыққан жүкті әйелдерге дәрігер кеңес берді

Фото:

Қазіргі таңда коронавирусқа шалдыққан жүкті әйелдердің денсаулығына қатысты қоғамда сан түрлі пікір бар. ҚазАқпарат тілшісі сала маманымен сұхбаттасып, көпті алаңдатқан сұрақтарға жауап іздеді.

Алматы, NEGE. Гинеколог-репродуктолог дәрігер Аяулым Қосетова індет ілмегіне іліккен жүкті әйелдердің денсаулығындағы өзгерістер мен инфекцияның алдын алу үшін жасалуы тиіс шаралар туралы айтып берді.

"Аяғы ауыр әйелдер үшін алғашы 12-14 апта аралығы аса қауіпті. Бұл уақытта коронавирус емес, қарапайым ЖРВИ жұқтырып алса да баланың дамуына зиян. Өйткені осы уақыт ішінде нәрестенің жүйке жүйесі қалыптасып, сүйектері қатая бастайды. Сондықтан даму процесінде ана қандай да бір инфекция жұқтырса, онда баланың денсаулығында дерт пайда болуы мүмкін" - деді дәрігер.

Тегтер: