Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматы облысында судья мен сот приставы жемқорлық үшін сотталды

Алматы облысы Іле аудандық соты Талғар аудандық сотының судьясы А.Б. Байғалиев пен осы соттың приставы К.Ж. Раймбековқа қатысты үкім шығарды.

Сот
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Судья сот приставының делдалдығымен жас баланың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыс жасаған адамға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларынан өту шарттарын өзгерткені үшін 2 млн теңге мөлшерінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Байғалиев 4 жылға бас бостандығынан айырылып, делдал Раймбеков 20 млн теңге көлемінде айыппұлға сотталды, сондай-ақ сотталғандар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 17 қаңтарында Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А. Абдрахманов жемқорлық үшін 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан құрамасының сегіз мүшесі де IOAI 2026 олимпиадасында медальға ие болды

IOAI 2026

Қазақстандықтардың 85,7%-ы Тоқаевқа сенім білдіреді

Халық Кеңесі

«Отбасы банк» қызметкерлері риелторлар мен клиенттерден ақша алып келген

Отбасы банк

Ақмола облысында әйелді өз пәтерінде пышақтап кеткен: күдікті ретінде көршісі ұсталды

Пышақ жарақаты