23 Маусым 11:40

Түрмені қатты сағынып қалыпты

Фото:

Жазасын өтеп шыққанына екі күн болмастан қайта бірнеше рет қылмыс жасаған күдікті ұсталды.

Алматы, NEGE. Жетісай ауданы полицейлері ұрлық жасап сотты болған, жазасын өтеп шыққанына екі күн болмастан қайта бірнеше рет қылмыс жасаған күдіктіні ұстады. Нақтырақ айтсақ, Жетісай аудандық полиция бөліміне екі күн ішінде екі тұрғын арызданып, көліктерін белгісіз біреу заңсыз айдап кеткенін жеткізген. Жәбірленушінің бірінің көлігі үйінің алдында көше бойында тұрған жерінен жоқ болса, ал екінші тұрғын кафе алдында тұрған “ВАЗ 21070” маркалы көлігін шыққанында таппай қалғанын хабарлаған. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі 1 миллионнан асты. Аталған жайттар СДТТБТ-не ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігімен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Арызданушылардың көлігін табу мақсатында аудандық полицейлер қажетті шараларды іске асырды. Жақын аймақтарды аралап, көрген-білгендерден сұрастырылды. Соның нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы күдікті анықталып ұсталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Өз кінәсін толық мойындады. Тергеу барысында анықталғандай күдікті адам жоқтығын пайдаланып, байқатпай бірінші тұрғынның көлігін заңсыз айдап кеткен. Содан Жетісай-Шардара қалаларының бойына су тоғаны жанына келіп, көліктің 15 000 теңге болатын аккумуляторын жымқырып оқиға орнынан бой тасалаған. Мұнымен шектелмеген күдікті екі күннен кейін ішімдік ішіп, мас халде кафе алдында тұрған келесі тұрғынның көлігін құқыққа сыйымсыз иеленіп, Мақтаарал ауданына қарай айдап кеткен. Осылайша Мақтаарал ауданы көшелерінің біріне көлікті қалдырып, оның 10 000 теңгелік автомагнитолласын жасырын ұрлап, басқа біреуге 1500 теңгеге сатып кеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы “Ұрлық” бойынша тіркелді. Тәртіп сақшылары жәбірленушілердің автокөліктерін, оның ұрланған бөлшектерін тауып, айғақты зат ретінде тәркілеп алып, заңды иелеріне қайтарды. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі таңда аталған жайттар ҚР ҚК-нің 200, 188-баптарымен тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға көліктеріңізді ашық қалдырмаңыздар және өзгеге сеніп тапсырмаңыздар деп ескертеді.

Тегтер: