18 Сәуір 13:40

Петропавлда сепаратизмді насихаттаған 3 белсенді қамауға алынды

Фото:

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мәліметінше, 2023 жылдың 19 наурызында өздерін Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ізбасарлары деп есептейтін «Халық Кеңесі» тобына қатысушы 20 азамат жиналыс өткізген.

Алматы, NEGE. Жиналыс барысында олар Қазақстан Республикасынан тәуелсіз Петропавл қаласының Халық Кеңесін құру туралы тілектерін білдірген және «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Халық Кеңесі Декларациясын» қабылдаған, онда Қазақстанның мемлекет құру заңдылығын және легитивтігін мойындамаған, оның Конституциялық құрылысын бұзуға қол сұға отыра оның тәуелсіздігін, жерінің тұтастығын жоққа шығарып отыр.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында іс үшін мәні бар көптеген тергеу шаралары жүргізілді, оның ішінде  әртүрлі сараптамалық зерттеулер тағайындалды.   

"Саясаттанушы мен басқа да мамандардың қатысуымен комиссиялық сот психологиялық-филологиялық сараптаманың қорытындыларына сәйкес  сепаратизм белгілері анықталған. Қылмыстық  істің жиналған материалдары негізінде "Халықтық кеңестің" үш мүшесінің әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 180-бабы 2-бөлігі бойынша  Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде бұқаралық ақпарат құралдарын және телебайланыс желілерін шақырумен материалдарды тарату және Қылмыстық кодекстің 179-бабы бойынша мемлекеттің қауіпсіздігін ыдыратуды үгіттеу бойынша сарапталған", - делінген хабарламада.

Аталған тұлғалар Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік Кодексінің 128-бабы тәртібінде  ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ, аталған баптың санкциясымен он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын айыру түрінде баламасыз жазалау қарастырылған.   

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды.

"Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасуда және жиналысқа қатысқан басқа тұлғаларға қатысты объективті және жан-жақты құқықтық баға берілетін болады", - делінген облыс прокуратурасы таратқан хабарламада.

Күдіктілер он жылға сотталуы мүмкін. Тергеу әлі аяқталған жоқ.

Тегтер: